Фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 6 есеге өсті

 Сонымен бірге 5 мың жұмыс орны ашылды

Фото:Shutterstock

Индустрияландыру жылдарында қабылданған шаралар арқасында антибиотиктер, алкалоидтер, жүрек құралдары мен медициналық бұйымдар өндірісін ұлғайту есебінен фармацевтикалық өнім шығару 19,9 млрд.теңгеден 92 млрд. теңгеге дейін артып, 6 есеге өсті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі телеграм каналында хабарлады.

Қысқа мерзім ішінде сала экспортқа бағытталды. Фармацевтика өнеркәсібінің экспорты 3 есе өсті.
Өнім Ресей (39%), Қырғызстан (16%), Түркия (7,8%), Моңғолия (7,4%) және басқа да елдерге жіберілді. Негізгі экспорттаушы кәсіпорындар - "Химфарм" АҚ, "Нобел АФФ" ЖШС, "Абди Ибрахим Глобал Фарм "ЖШС,"Dolce-Pharm" ЖШС.

Индустрияландыру картасы аясында 62,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, 41 жоба пайдалануға берілді. 5 мың жұмыс орны ашылды.

 Саланың маңызды жобаларының қатарында, өндірістік қуатты кеңейту және фармацевтикалық фабрикаларды жаңғырту. Сонымен қатар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіру бойынша фармацевтикалық зауыттарды салу жоспарлануда.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif