Енді телеграм-ботта ХҚО-на кезекті брондай аласыз

Ол үшін телеграм қосымшасын жүктеу қажет

Фото:Shutterstock

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті брондау әдістерінің түрі көбейтілді. Енді қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 


Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады. 


Сонымен, халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, халыққа қызмет көрсету орталығы мекен-жайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақыттытаңдауды ұсынады.


Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын-ала брондағаныңызды растайсыз.


Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т. б.


Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығы egov.kz порталында қолжетімсіз қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын-ала брондау бойынша көрсетеді.


Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚО-лар өз қызметін қайта бастаған өңірлер үшін ғана жарамды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif