Елжан Біртанов вирусологтар мен зертханашылардың  еңбегіне алғыс айтты

Министр олардың үстемақысын көбейтуді ұсынды

Фото:Shutterstock

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында зертхана қызметкерлеріне төлем жасау ережелеріне өзгерістер енгізу керек екенін хабарлады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.

«Бүгін елорданың Ұлттық сараптама орталығының аймақтық вирусологиялық зертханасында болдым. Бұл тәулік бойы жұмыс істеп, коронавирус инфекциясына сынамалар алып жүрген тәжірибелі вирусологтар, зертханашылар мен мамандар. Бұл — тәулік бойы жедел жәрдемдегі, қала емханаларындағы пациенттер мен вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдардан, медицина қызметкерлері мен әскери бөлім мамандарынан алынған сынамаларды ПТР-тестілеуге әкелетін орын.
Ұжыммен кездесіп, үстемақы мәселесін талқыладық. Зертхана қызметкерлеріне ақы төлеу ережелеріне өзгерістер енгізу керек деп шештік, өйткені олар вирусты жұқтыруы ықтимал пациенттермен және олардың биологиялық сынамаларымен үнемі тікелей жұмыс істейді», — деп жазды Елжан Біртанов.

Сонымен қатар министр COVID-19 індеті басталған кезде әріптестері 600 тест алғанын, қазіргі таңда тәулігіне шамамен 2000-ды құрайтынын атап өтті.

«Барлық мәліметтер зертханалық ақпарат жүйесіне (ЗАЖ) енгізіледі. Індетті басқаруды автоматтандыру үшін зертханалық ақпарат жүйесін ауруханалар мен емханалардың ақпараттық жүйелерімен біріктіру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді министр.

Хабарлама соңында денсаулық сақтау министрі барлық әріптестеріне кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты!
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif