Елордада Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары басталмақ

Құрылысқа бөлінген  қаражат 88 985,9 млн. теңгені құрайды

Фото: ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы

Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары биылғы маусым айында басталады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Есіл өзені көпірінен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына" дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары ағымдағы жылдың 1 маусымында басталады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елорда үшін маңызды нысанның құрылыс науқанына дайындығын тексерді.  

Жоба аясында жалпы ұзындығы 17,353 шақырымды құрайтын "Салтанат сарайы" мен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" арасында жатқан Қабанбай батыр даңғылын 6-8 жолаққа дейін кеңейту көзделген. Бұдан бөлек, жаңарту жұмыстарынан өткен соң елордада Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында көліктік торап пайда болады. Жоба көлік ағынын арттырып, аталған жолда жиі болып тұратын көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді. 

Анықтама:

Мердігер ұйым –  China Xinxing Group Co., Ltd компаниясы мен «СП Сине Мидас Строй» ЖШС консорциумы
ТЭН авторы – «АстанаСтройПроектСервис-М» ЖШС

Келісім негізіндегі сома – 88 985,9 млн. теңге

Жол ұзындығы – 17,353 шақырым
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif