Елімізге 4 мыңнан астам дәрігер қажет

Тап қазір елге  медицина мамандары, күзетшілер мен жүргізушілер жетпей жатыр

Фото:Shutterstock

Еңбек ресурстарын дамыту орталығында атап өткендей, жалпы Қазақстан бойынша ең көп сұранысқа үш мамандық ие — медицина мамандары, күзетшілер мен жүргізушілер. Бұл туралы ҚР Премьер-Министірінің ресми ақпараттық ресурсы мәлімдеді.

Осы мамандықтар аса тапшы, себебі жұмыс берушілердің сұранысы жұмыс іздеушілердің санынан біршама артық.

Мәселен, бүгінде Электронды еңбек биржасының базасында 2,3 мың мейіргер мен 2,6 мың жүргізушінің түйіндемесі бар. 

Түйіндеме саны бойынша үшінші орында — заңгерлер. Бірақ жұмыс берушілердің арасында бұл мамандыққа сұраныс аз. 

Бос жұмыс орындарының санынан асатын тағы екі мамандық — іс жүргізушілер мен дене шынықтыру және спорт мұғалімі. 

Қазақстан бойынша ең көп сұранысқа үш мамандық:

1.    Медицина мамандары -4,1 мың орын бос

2.    Күзетше- 3,6 мың орын бос 

3.    Жүргізуші-3,5 мың орын бос
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif