Еліміздегі барлық букмекерлік кеңселер екі облысқа көшіріледі

Егер адам ойнағысы келсе, арнайы ойын алаңына барсын

Фото: Shutterstock.com

Қазақстандағы барлық букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар Ақмола облысының Щучинск ауданына және Алматы облысының Қапшағай ауданына көшірілуі мүмкін. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.


Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, депутаттар қарағаннан кейін 159 түзету енгізілді. 


«Депутаттар заң жобасын талқылау барысында үшінші ойын аймағын ашу туралы норманы алып тастады. Егер адам ойнағысы келсе, ойын алаңына барсын», - деді ол.


Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ойын бизнесі туралы құжатта құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу тетігі енгізілгенін атап өтті. 


«Уәкілетті мемлекеттік органдарда букмекерлік кеңселер мен ойыншылардың арасындағы ақша операциялары туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бәс тігуге қатысудан шектеу тетігін іске асыру үшін ставкаларды есепке алу орталығын құру көзделеді», - деді Ақтоты Райымқұлова.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif