Елімізде шомылу маусымы 1 маусымда ашылады

Суайдындарда тәртіп күшейтіліп жатыр

Фото;яндекс.ру

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері еліміздің суайдындарында 48 адам, оның ішінде 16 бала суға батып көз жұмды.

Оның ішінде 24 адам балық аулау кезінде қағидаларды сақтамау себебі бойынша, 6 адам (оның ішінде 2 бала) жабдықталмаған жерлерде шомылу кезінде, 8 бала суға құлау салдарынан (балаларды қараусыз қалдыру), 4 адам мас күйінде шомылғанда, 6 бала мұз астына түсіп кетті. 


Елімізде суға шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталғанына қарамастан, өңірлерде тұрғындар жылы күнді пайдаланып, тыйым салынған жерлерде шомылады. 
Тек өткен аптада ғана суайдындарында 10 адам, оның ішінде 3 бала көз жұмды. Адамдардың қаза болуы Түркістан (2), Ақмола (2), Ақтөбе (2), Алматы (1), Шығыс Қазақстан (1), Қызылорда (1) және Павлодар (1) облыстарының суайдындарында тіркелді.

 
 Бүгінгі күні елімізде суға шомылуға арналған ресми орындар анықталды, бұл 111 қалалық, 481 жеке жағажайлар.

 
Адамдардың қаза болуының себептері мен жағдайларын көрсете отырып, суға түсуге тыйым салынған 2 мыңнан астам орын анықталды, онда екі мыңнан астам ескерту белгісі және жеті жүзден астам көрнекі стенд орнатылды. 


Еліміздің суайдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ІІМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізеді. 
Құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы суға шомылу маусымы кезеңінде  
(1 мыңнан астам құтқарушы) қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды. 300-ден астам жүзу құралы мен 1000-ға жуық суда құтқару құралы дайындалды. 


Елдің суайдындарын қамтуды ұлғайту үшін азаматтардың суда, қауіпті және қорғалмайтын суайдындарында (табиғи жағажайларда) қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету мақсатында жедел-құтқару жасақтары 53 мобильді құтқару бекетінің кезекшілігін ұйымдастырды. 
Жүзу құралдарында күніне 3 реттен кем емес кезеңділікпен тұрақты негізде патрульдеу жүргізіледі. 
Құтқару бөлімшелерінде судағы ресми демалыс орындарын қамтуды арттыру үшін қосымша 85 құтқарушы-жасақшы оқытылады. 


Жеке жағажайларда кезекшілік ету үшін ТЖК бөлімшелерінде арнайы даярлықтан өткен қоғамдық жасақшылар қатысатын 50 объектілік құтқару бекеттерін құру жоспарлануда. 
Суайдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша алдын алу жұмыстарын күшейту үшін суайдындарында және табиғи жағажайларда жаппай демалу орындарында рейдтер жүргізу жұмыстары басталды. 
 Балалардың демалысы басталысымен ата-аналардың балалардың сайдындарына, суаратын арықтарға және каналдарға жақын болуына жауаптылығына ерекше назар аударуды ескертеді. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif