Елімізде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,9% өсті

Тау-кен өндіру - 6%, өңдеу - 7% артқан

Фото: Shutterstock

Коронавирус пандемиясына қарамастан елімізде биылғы 4 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,9% өсті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

 

Бүгін, 2020 жылғы 12 мамырда еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланған Үкімет отырысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша биылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындылары жөнінде баяндады.

 
Осы мерзімде коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайға қарамастан өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,9%, оның ішінде тау-кен өндіру - 6%, өңдеу - 7% өсті. 


Тау-кен өндіру секторында құрамында алтын бар кен өндіру көлемінің өсуі есебінен түсті кен өндіру 3,4% ұлғайды. Темір кенін өндірудің өсуі өткізу нарықтарын дәстүрлі елдерден Қытай нарығына қайта бағдарлау есебінен 15,8% құрады. Көмір мен лигнит өндіру көлемі 102,1% болды.  
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif