Елімізде 9,5 млн адам үйінде көмірмен пеш жақпайтын болған 

Биыл газдандыру деңгейін 52,23% жеткізу жоспарланған

Фото: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Қазіргі уақытта Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуын дамытуға үлкен көңіл бөледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

2019 жылы мұнай операцияларын жүргізу кезінде қазақстандық тауарлардың үлесі шамамен 20%-ды құрады, ал жұмыстар мен қызметтер шамамен 50%-ға жетті. Уран операциялары бойынша да өсім байқалады.

Отандық өндіріс тауарларын сатып алудың сөзсіз артықшылығын қамтамасыз ету үшін Министрлік жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Ережесіне өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлеріне қазақстандық тауарларды конкурстық рәсімдерді өткізбей-ақ бір көзден сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте тауарлардың «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген «СТ-KZ» сертификаты немесе индустриялық сертификаты болуы тиіс.

Н. Ноғаевтың айтуынша, 2019 жылы газ өндіру 56,4 млрд м3 құрады, бұл жоспардың 102,5%-ын құрайды. Сонымен қатар 2019 жылы тауарлық газ өндірісі 33,1 млрд м3 немесе жоспардың 105,8%-ын құрады.

 «Биыл орын алған жағдайға байланысты тауарлық газ өндірісін 32 млрд м3-тан 28,1 млрд м3-қа дейін, яғни 12%-ға төмендету жоспарлануда. Экспорттық әлеуетті дамыту шеңберінде Қытайға жыл сайынғы экспорт көлемі жолға қойылған. Егер 2017 жылы Қытайға газ экспорты 1,5 млрд м3 болса, 2019 жылы экспорт 7,5 млрд м3-ке жақындады. Барлығы, 2019 жылы барлық елдерге газ экспорты 19,5 млрд м3 құрады. Көріп отырғаныңыздай, соңғы 3 жылда газ экспорты 40%-ға артты», — деді энергетика министрі.
Осы жылы 17,2 млрд м3 газды экспорттау жоспарлануда.

2019 жылы сұйытылған мұнай газын өндіру 3,19 млн тоннаны құрады, бұл жоспардың 101,3%-ы. Осы жылы орын алған жағдайға байланысты 2,8 млн тонна сұйытылған мұнай газын өндіру жоспарлануда.
2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы шамамен 40 млрд теңгеге 88 газдандыру жобасы іске асырылды (2018 жылы – 46 жоба).

Елді газдандыру деңгейі 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 51,47%-ға жетті, 2018 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті. Газ шамамен 9,5 млн адамға қолжетімді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 52,23% жеткізу жоспарланған.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif