Экспортқа тыйым салынған тауарлар тізімі шықты

Қант- еліміздің аумағынан шығаруға тыйым салынған азықтың бірі

Фото:Shutterstock

Қазақстан Республикасының  статистика органдарының мәліметінше, 2020 жылғы қаңтар айында Агрорлық- өнеркәсәптәк кешен өнімінің экспорты $219,1 млн құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66,2%-ға аз ($330,9 млн). Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Алайда, Агрорлық- өнеркәсіптік кешен қайта өңделген өнімінің экспорты 2020 жылғы қаңтар айында 7,6%-ға артып, $94,6 млн (2019 жылғы қаңтарда – $87,9 млн) құрады.

2020 жылғы қаңтарда көп экспортталған Агрорлық- өнеркәсіптік кешен   өнімдерінің тобына: 17,9%-ы — бидай және меслин, 12,5% — арпа, 11,9% — ұн, 9,2% — мақта талшығы, 8,5% — зығыр тұқымы, 7,6% — өсімдік майы, 3,6% — күнбағыс дәні, 1,8% — жасымық, 1,6% — балықтың жон еті (мұздатылған) кіреді.

Сондай-ақ, Республика үшін әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік тауарларының кейбір түрлеріне тыйым салынды. Тізімге енгізу үшін мынадай белгілер ескерілді: ішкі және сыртқы нарықтардағы жоғары сұраныс (ұн, бидай, күнбағыс майы), ішкі нарықтағы импорттың жоғары үлесі (қант), өндірістің маусымдылығына байланысты ішкі нарықта жеткіліксіз болуы (қарақұмық, картоп).

Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлар тізбесі:

Қант — отандық өндіріс көлемінің жеткіліксіздігі, ішкі нарықта қант импортының жоғары үлесі;

Қарақұмық, қарақұмық жармасы, картоп және пияз — ішкі және сыртқы нарықтардағы жоғары сұраныс, қарақұмық жармасы мен шикізаты экспортының жоғары үлесі, маусымаралық кезеңде көлемінің жеткіліксіздігі;

Тазартылған күнбағыс майы мен күнбағыс дәні — шикізатқа және май тұқымына ішкі және сыртқы нарықтарда жоғары сұраныстың болуына байланысты қамтамасыз етілуін азайту тәуекелі.

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі (квоталар):

Ұн мен бидай — ішкі және сыртқы нарықтардағы жоғары сұраныс.

Сондай-ақ бұған дейін Қазақстаннан әкетуге тыйым салынған тазартылмаған күнбағыс майы және тұқымдық картоп сандық шектеулер (экспортқа арналған квоталар) белгіленген тауарлар тізбесіне енгізілген.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif