Букмекерлік кеңселер Қапшағай мен Бурабайға көшіріледі

Бүгін заң жобасы сенатқа жөнелтілді

Фото: Shutterstock

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 


«Заң жобасы ойын бизнесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, букмекерлік кеңселер мен тотализатордың қызметін бақылаудың тиімділігін артыруға бағытталған. Заң жобасын қарау барысында депутаттар жаңа ойын аймақтарын ашу туралы нормаларды алып тастау бойынша ұсыныс енгізді. Сонымен бірге, құжатқа депутаттар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассаларын Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауындағы және Ақмола облысы Бурабай ауданындағы екі ойын аймағы аумақтарында орналастыру бойынша түзетулер енгізді. Осыған байланысты енді букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары елді мекендерден аталған ойын аймақтарына көшірілетін болады», - деді депутат Сәкен Өтебаев.


 Оның сөзіне қарағанда, депутаттар жақын туыстарының өтініші бойынша соттың құмар ойындарды және бәс тігуді теріс пайдаланатын адамдарды әрекет қабілеті шектеулі деп тану бойынша ұсыныс енгізді. Яғни, енді отбасы мүшелері мен жақын туыстары өз жақындарын зиянды әрекеттен шектеу құқығына ие бола алады. «Заң жобасына сот актісі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметі заңсыз деп танылған ойын бизнесін шетелдік ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салуға бағытталған түзетулер енгізілді», - деді С. Өтебаев. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif