Биылғы түлектердің соңғы қоңырау рәсімі  20 минут өтеді

Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу ережелері хабарланды 

Фото: ҚР Білім және ғылым министірлігі  телеграм каналы

11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді. Бұл туралы  ҚР Білім және ғылым министірлігі  телеграм каналында хабарлады.

Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар:

*Іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, уақыт аралығы - 20 минут;

*Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады;

*Әрбір түлекпен 1 немесе 2 ата-анасы қатыса алады;

*Маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керек;

Жол берілмейді:

*Мектеп немесе педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинау;

*Ивент-агенттіктерді, аниматорларды шақыру;

*Мерекелік дастархан жасап, аса салтанатты өткізу;

*Автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасау;

*Мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыру; 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif