Биыл елімізде мұнай өндірісі 4,5% төмендеді

Қазақстан тәулігіне  390 мың баррельге мұнай өндірісін қысқартады

Фото: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Тұрғындарға есеп беру кездесуінде ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев энергетика саласының негізгі бағыттарының дамуы туралы айтып берді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

2020 жылға жоспарланған мұнай өндіру көлемі 90 млн тоннаны құраған еді, бірақ орын алған жағдайға байланысты мұнай бағасының төмендеуі және әлемде коронвирус індетінің таралуы себепті жоспарға түзету енгізілді. 

 «Биыл біз 86 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз, яғни жоспардан 4,5% төмен. Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қосылды, бұл бізге резервуарларда тауарлардың іркілуін болдырмауға, кейбір кен орындарында орын алуы мүмкін кідіруді болдырмауға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Н. Ноғаев.  

ОПЕК+ келісіміне қатысу сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіруге және де мұнай бағасын қалпына келтіруге бағытталған. Қоймалардағы мұнайдың толып кету қаупін болдырмау үшін Энергетика министрлігі орта, ірі және өте ірі кен орындарында өндіруді шектеу туралы шешім қабылдады. Кен орындарының барлық түрлері үшін мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлу көзделген болатын.

 «Егер біз мұнай өндіруді қысқартпаған жағдайда, 2020 жылдың екінші тоқсанында мұнай сақтау орындарының толып кетуіне, кейбір кен орындарында мұнай өндірудің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін еді. Мәмілеге қатысудың арқасында нарықтың барлық қатысушылары мұнай өндірудің бақылануына және біртіндеп төмендеуіне қол жеткізді. Біз кейбір кен орындарында өндіруді толық тоқтатпай, барынша ауыртпалықсыз қысқарту жүргіздік», — деді Н. Ноғаев. 

2020 жылдың мамыр-маусым айларында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге қысқартуды жоспарлап отыр. 

Қазақстан тәулігіне 390 мың баррельге өндіруді қысқарту міндетін алды. Қазақстандағы орташа тәуліктік мұнай өндіру (конденсатсыз) 25 мамырдағы жағдай бойынша 177,8 мың тонна мұнайды құрайды, бұл ОПЕК+мәмілесінің міндеттемелерін орындауды көрсетеді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif