Автобустан кондуктор құлап, қайтыс болды

Полиция жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздейді

Фото:Shutterstock

Ақтөбе облысы Полиция департаменті 15 мамыр күні болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздейді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Пацаева көшесі бойындағы “Әкімдік” аялдамасынан қозғалар кезде, жабылмай қалған алдыңғы есіктен автобус кондукторы құлап кеткен. Ол бас жарақатын алған. Кондуктор Жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды.

Автобус салонында 20-25 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы білген-көрген адамдар болса, 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 ұялы телефондарына хабарласуыңызды немесе Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасына №403 кабинетке жолығуыңызды сұрайды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif