Араб Әмірлігі мен Қазақстан достықтың ерекше үлгісін көрсетті

Арабтармен сауда –саттық көлемінің артуына елшінің де үлесі зор

Фото;primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады,-деп хабарлайды primeminister.kz сайты. 


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан ҚР-дағы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Әл-Джаберді қабылдады.

А. Мамин М. Әл-Джаберге ҚР мен БАӘ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін биылғы 6 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады. 

Үкімет басшысы БАӘ дипломатымен екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. 

БАӘ-дан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $2,1 млрд құрайды, ҚР-дан БАӘ-ге — шамамен $1 млрд. Қазақстанда Әмірлік капиталының қатысуымен 342 бірлескен кәсіпорын тіркелген. 

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді қатысты.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif