Алматыда орын алған өрттен ерлі-зайыптылар құтқарылды

Өрт "Гауһартас" тұрғын үй кешенінде орын алды

Фото: Shutterstock

Ерлі-зайыптылар «Гауһартас» тұрғын үй кешеніндегі өрттен құтқарылды. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 сағат  44 минутта Алматы қаласының ТЖД күштері мен құрылымдары Бостандық ауданы Абай даңғылы 150/230  мекен-жайдағы «Гауһартас» тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы хабарламаға шақыртудың жоғары деңгейімен жіберілді. 


Өрт сөндіру  есептері оқиға орнына 6 минуттың ішінде келген кезде 17  қабатты тұрғын үй кешенінің 11-қабатындағы пәтер  ашық от жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қою түтіннің салдарынан жоғары қабаттағы тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Тұрғындарды құтқару және эвакуациялау үшін AЛ-37 өрт баспалдақтары орналастырылды.  


Өрт сөндіру барысында 60 адам ғимараттан шығып үлгерді, бірақ  ғимараттың 11-ші қабатында тұратын тұрғындардың шығу жолдары жабылып қалғандықтан, көбісі көмек сұрай бастады. Өртті сөндіру кезінде 101 пультіне аталған тұрғын үйдің №154 пәтерінің тұрғынынан көмек сұраған қоңырау келіп түсті. Оның шақыртуының арқасында өрт сөндірушілер екі ересек адам мен 3 және 6 жастағы екі баланың өмірін сақтап қалды. Ашық жалын лафетті аралас өрт оқпанымен бірнеше  минуттың ішінде сөндірілді.    


Қабылданған шаралардың арқасында  30 шаршы метр аумақты қамтыған өрт жарты сағаттың ішінде,  00 сағат 22 минутта жойылды. Өрт үш бөлмелі пәтердегі тұрмыстық заттар мен  жиһаздардың жануынан туындаған. 


Өртті сөндіруге жеке құрамнан 70 адам, 18 бірлік техника, сондай-ақ Бостандық аудандық ПБ қызметкерлері жұмылдырылды.

 
Тұрғын үй кешенінің маңайындағы жеке көліктер өрт техникасының оқиға орын алған үйдің кіре берісіне өтуге кедергі келтіргенін айта кету керек. «109» Құтқару қызметінің эвакуаторлары өту жолдарын тез арада босатпағанда  тұрғындардың зардап шегуі мен қайтыс болуы мүмкін еді! 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif