Алматыда нөсер жаңбырдың салдарын жою жұмыстары әлі жалғасуда

Жаңбырлы ауа-райы 20 мамырға дейін жалғасады

Фото: Shutterstock

Алматыда нөсер жаңбырдың салдарын жою жұмыстары екінші күн қатарынан жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


14 мамыр күні кешкілік Алматыда соққан дауыл мен нөсер жаңбырдың салдарын қалалық Төтенше жағдайлар қызметінің қолдауымен 109 қызметінің құтқарушылары жойды.

Сәрсенбі күні кешкі сағат 20.00-де Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандарында тұрғын үйлер мен басқа да су басу қаупі бар ғимараттарда алдын алу жұмыстары басталды.

Құтқару қызметі бөлімшелерінің басты күштері мен құралдары қала көшелерінде желден сынған ағаштарды жинап және Алатау ауданында орналасқан жеке сектордың аулаларынан жаңбыр суын сорып шығарды.

Нөсер жаңбыр мен секундына 15 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарын жоюды 35 қалалық құтқарушы 11 бірлік техника, 2 мотопомпа көмегімен ТЖД қызметкерлері және аудандық әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырды.

Естеріңізге салсақ, ауа райының күрт өзгеруінен және өткен сәрсенбі кешкілік мегаполисте жауған нөсердің салдарынан Алматының әр аумағында бір көше мен екі жеке ауланы су басып, 37 ағашқа зақым келді.

Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында соңғы бір жарым күнде құтқарушылар жағдайды бақылауға алып, апат салдарын жойды.

Апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары түнгі уақытта да бір минутқа тоқтаған жоқ және кейбір мекен-жайларда ол жұмыстар әлі жалғасуда.


«Қазгидромет» РМК Алматы филиалының хабарлауынша, 14 мамыр күні Алматыда дауыл болатыны алдын ала жарияланды. Екі күн ішінде  мегаполисте 49,5 мм жауын-шашын түскен. Синоптиктердің болжамынша жаңбырлы ауа райы 20 мамырға дейін жалғасады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif