Алматыда екінші мурал пайда болды

Коронавируспен күресіп жүрген жандарға алғыс білдіреді

фото: @sagintayev_b

Алматыда коронавируспен күресіп жүрген жандарға алғыс білдіретін екінші мурал пайда болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Коронавируспен күресті және одан жаһанды құтқарып қалу әрекетін бейнелейтін ашық бояулы суреттер Төле би және Чокин көшелерінің қиылысындағы үй қабырғасына орналастырылған.

 

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл біздің денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін жан аямай күресіп жүрген дәрігерлерге, әскерилер және полицейлерге алғыс білдірген екінші мурал екенін жазды.

 

Муралдың авторлары — танымал суретшілер Тамара Елфимова мен Джохар Юнусов. Олардың ойынша, бұл граффити пандемияны жеңетініміздің символы және осынау күрделі кезеңдегі жанкешті еңбектерімізді еске салып тұруы тиіс.

 

Еске салайық, пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер еңбегіне арналған бұған дейінгі алғашқы муралды Әди Шәріпов көшесі, 118-үйдің қасбетіне суретші Жұмаділ Елукенов бейнеленген болатын.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif