Алматы облысында блокбекеттер алынып, моншалар ашылады

Карантин шаралары кезең-кезеңмен тоқтатылуда

Фото: Shutterstock

Алматы облысындағы кейбір аудандарды қоспағанда, карантин шаралары кезең-кезеңмен тоқтатылуда, деп хабарлайды облыс әкімдігі.


Облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің айтуынша,18 мамырда 8:00-ден бастап қоғамдық моншадан басқа моншалар, сауналар, СПА, массаж орталықтары және т.б. қызмет көрсету нысандары жұмыстарын бастайды.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтары (жасы бойынша) ашылады, шағын комплектілі білім орталықтары, үйірмелер (жазылу бойынша) қызметкерлері мен балалардың денсаулығының жай-күйін бақылайтын (термометрия) және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттете отырып өз жұмыстарын кіріседі. Құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздікке жауаптыларды дайындайтын және қайта даярлайтын мамандандырылған оқыту орталықтары, сол сияқты күзет және басқа да арнайы ұйымдар жұмыстарын қайта жалғастырады.

 

50 орынға дейінгі стадиондар ашылады. Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМКК жұмысын бастайды.


Дегенмен коронавирус инфекциясының жұқтырудың жаңа деректерінің тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық ахуалдың күрделі жағдайы сақталып отырған Талғар, Кеген аудандары мен Талдықорған қаласына бұл қаулының қатысы жоқ.


Бұл ретте қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, аулалардағы балалар алаңдарын және басқа да нысандарды санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жалғасады, барлық нысандарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтіліп, маска кию режимі жаппай сақталуы тиіс. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif