42500 теңгенің арқасында жұмыссыз жүргендердің саны анықталыпты

118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты

Фото;primeminister.kz

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылға дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарда қарастырылған шаралардың орындалуы туралы айтып берді,-деп хабарлайды primeminister.kz телеграм арнасы.

Б. Нұрымбетов атап өткендей, Үкімет отырысында мақұлданған Кешенді жоспар жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту, жұмыс орындарын сақтау шараларын қамтиды.

Кешенді жоспар жұмыспен қамтуды ескере отырып, қазіргі уақытта елімізде жүзеге асырылып жатқан барлық мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың сапалы орындалуын көздейді.

Біріншіден, бұл 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы, оның аясында 6 506 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда олардың 3700-і іске асырыла бастады. Бұл жобаларға 35 мың адам тартылды. Жалпы, ЖҚЖК аясында 250 мың жұмыс орнын кепілдікті құру жоспарланған.

Екінші — «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы. 2020 жылдың 4 айында бағдарламаға 157 мың адам қатысты. Оның ішінде 118 мың адам жұмысқа орналастырылды, 58 мың адам тұрақты жұмыс орындарына тұрды. Бағдарламаның басқа да құралдары — жеңілдікті микрокредит беру, жеке кәсіпкерлерге арналған гранттар, оқу іс-шаралары, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және т. б. ескерілетін болады. Жалпы 600 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылады.

Сонымен қатар қалған 9 мемлекеттік бағдарлама аясында 365 мың жұмыс орны ашылады. Жалпы, осы шаралар аясында 1,2 млн қазақстандық жұмыспен қамту шараларымен қамтылады.

Сондай-ақ брифинг барысында министр 42 500 теңге әлеуметтік төлемдердің арқасында 1 млн 300 мың азамат өз қызметін жүйелендіргенін атап өтті.

«МӘМС дайындау және енгізу аясында үлкен мәселелер туындады, және көптеген адамдардің мәртебесі бейресми болды, яғни олар ешқандай ақпараттық жүйелерде болмаған және олар медициналық сақтандыру жүйесіне, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, зейнетақы жүйесіне қатыса алмады. Бұл адамдардың ішінен 42 500 теңге көлемінде төлем беру кезінде 1 млн 300 мың адам бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, өз қызметін формализациялады. Бүгінгі таңда олар салық органдарында және біздің жүйелерде жеңілдетілген әдіс бойынша пайда болды, сондықтан бүгінде бұл азаматтар ақпараттық жүйеде ескерілген», — деді Біржан Нұрымбетов.

Министр бұл адамдарға енді заңдастыру және өз қызметін жүзеге асыру бойынша жан-жақты көмек көрсетілетінін түсіндірді.

«Мұнда Жұмыспен қамтудың жол картасы, “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының барлық құралдары қолданылатын болады. Шағын кәсіпкерлік қызметпен айналысқан формалды тіркелген азаматтарға өз бизнесін одан әрі заңды түрде дамыту үшін жеңілдікті микрокредиттер беру және гранттар бөлу құралдарымен көмектесеміз. Ресми емес, еңбек келісімшартынсыз жұмыс істеген адамдарға да жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұмыс берушімен еңбек қатынастарын заңдастыруға көмек көрсетілетін болады. Бұл олардың еңбек құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді және олар әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру және медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу құқығына ие болады», — деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.

Толығырақ министр Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға тоқталды.

Жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға 1 трлн-ға жуық теңге қарастырылған. Б. Нұрымбетов атап өткендей, жол картасы жан-жақты әлеуметтік-экономикалық тиімділікке ие.

«Бір жағынан, біз мұндай кезеңде жұмыссыздарды ең болмағанда уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ете аламыз, екінші жағынан, бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға, аралас салаларда жұмыс орындарын құруға ықпал етеді», — деді министр.

Сонымен қатар, Жол картасының шарттары бойынша жалақы ең төменгі 2 еңбекақыдан кем болмауы тиіс, яғни 85 мың теңгеден кем болмауы қажет. Сондай-ақ бағдарламаға алғаш рет қатысатын адамдар үшін көтерме ақы төленеді. Жұмыспен қамтудың жол картасы 1 млн-ға жуық адамның табысына әсер етуі тиіс.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif