42 500 теңге тоқтатылды

4 млн 539 мың адамға төлем тағайындалды

Фото: Shutterstock

42 500 теңге төлем туралы 11 мамырға дейінгі тапсырылған өтініш міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса тағайындалып, төленетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.  


«42 500 теңге төлем - төтенше жағдай режиміндегі шектеулерге қатысты жұмыс істеп жүрген азаматтардың табысынан, жалақысынан айырылған жағдайда төленеді. Осы күнге дейін барлығы 4 млн 539 мың адамға осы төлем тағайындалып, төленді. Оның жалпы сомасы 193 млрд теңге. Оның ішінде осы төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін 3 млн 735 мың адам өтініш берген. Осы адамдар екінші айға да төлем алуға құқылы. Мамыр айының басында ол төлемдерді іске асыра бастадық», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. 


Министр мамырдың 5-6 күні 2 млн-ға жуық адамға төлем рәсімделгенін атап өтті. Сондай-ақ бүгіннен бастап 42500 теңгеге қатысты өтініштерді қабылдау тоқтатылған.  

«11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталды, сондықтан бүгіннен бастап 42 500 теңгеге қатысты өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Ал 11 мамырға дейінгі өткізілген өтініштер міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса тағайындалып, төленетін болады», - деді министр.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif