18 мамырдан бастап тамақтану орындары ашылады

Жарияланды
Келушілер 30 адамнан аспауы керек 

Коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында экономика салаларын қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты шешімдер қабылдады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның телеграм каналы хабарлады.

13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезказган, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларымен әуе қатынасы ашылады.

18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:

*қонақ үйлер;

*қоғамдық тамақтану объектілері (30 адамдық орынмен); 

*таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдары;

18 мамырдан бастап діни мекемелерге (жалпы ғимараттың қызмет көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып).   

1 маусымнан, кезең-кезеңмен, ішкі темір жол қатынасын, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз