Түркістан облысына карантин енгізілді

19 сәуірден бастап күшіне енді

Фото:Kursiv.kz

Түркістан облысына карантин режимі енгізілді . Бұл туралы Мемлекеттік комисияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.

Төтенше жағдай кезінде арнайы шаралар қабылданды:

*Көршілес аймақтармен шекарада санитариялық блок-бекеттердің жұмысы  күшейтіледі. Қоғамдық және жеке көлік қызметтері тоқтатылады.

*Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жабылады.

*Азық-түлік және киім нарықтарының жұмысы, сондай-ақ үй тауарларын өткізу жұмыстары тоқтатылатын болады.

*Балалардың ойын алаңдарында, көп қабатты үйлердің аулаларында ойнауға тыйым салынады.

*Отбасы мерекелерін, туған күндерін және үйлену тойларын тұрғылықты жері бойынша өткізу шектеледі.

*Көшелерде және қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады.  65 жастан асқан азаматтар үйден шықпай оқшаулануы тиіс.

*Тұрғындарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін олардың үйлерінің жанында орналасқан дүкендер мен дәріханаларда ғана жүруге рұқсат етіледі. Азық-түлік дүкендерінің жұмысы 09:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі.

*Өңірге қажетті тамақ өнімдері мен материалдарды, өнеркәсіп тауарларын, құрылыс, медицина және көктемгі егіс жұмыстарына арналған материалдарды тасымалдайтын рұқсат құжаттары бар көлік құралдары ғана кіріп-шыға алады. Сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж азаматтар кіруге, шығуға мүмкіндік бар.

*Құрылыс индустриясы, көктемгі егіс, жұмыспен қамтудың жол картасы, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері карантиндік режимге қарамастан штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif