Тұрғындар төтенше жағдай кезінде талаптарды елемейді

СҚО-да 70-тен астам заң бұзу фактісі тіркелді

Фото:kursiv.kz

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимін бұзудың 70-тен астам фактісі анықталды. Оның 30-дан астам оқиғасы карантин кезінде орын алды,- деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

СҚО құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде қатаң режимде қызмет атқарады. Петропавл қаласында карантин енгізілгелі облыс орталығы көшелерін патрульдеу  күшейтілді. 

 Сондай-ақ,  қоғамдық тәртіпті сақтауға ҚР Ұлттық ұланы, Әскери институтының курсанттары, әскери қызметшілер тартылды.  Петропавл қаласының  көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жалпы 500-ден астам полиция қызметкері,  әскери қызметшілер мен курсанттар жұмылдырылды.  

Карантин кезінде полицейлер блок-бекеттерде қызмет атқарып,  коронавирустық инфекция ошақтарын күзетеді. Қауіпті індеттің таралуына қатысты орнатылған шектеу шараларына қарамастан кейбір қала тұрғындары талаптарды елемейді.Бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына ықпал етуі мүмкін.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif