Тоқаев Ұлттық банкті Нұр-Сұлтанға көшіру туралы жарлыққа қол қойды

1-ші шілдеге дейін

Фото: Аскар Ахметуллин

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойды деп жазады zan.gov.kz.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2- тармағының 1) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес. 


ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:

1) 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді қамтамасыз етсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.

2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты.».

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлықтың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2- тармағын қоспағанда, осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif