Тоқаев Нұр-Сұлтандағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барды

Аурухана екі аптаның ішінде салынды

фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.


Медициналық мекеменің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайды.

 

Оның құрылысына республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңге бөлінді. Медициналық нысанды «BI Group» компаниялар тобы салды.


Аурухана ғимараты тез құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульдік блоктардан тұрғызылды. 200 орынға есептелген аурухана медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған.

 

Президент қажырлы еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

 

"Сіздер пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрсіздер. Сіздерге ризашылығымыз шексіз. Күндіз-түні тынбай еңбек етіп жатырсыздар. Өкінішке қарай, Алматыда дәрігерлерімізді індеттен қорғай алмадық. Қазір қалыптасқан Төтенше жағдайды жою үшін күресудеміз. Сондықтан абай болғандарыңыз жөн, ең алдымен, өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар", - деді мемлекет басшысы.

 

Мемлекет басшысы аталған аурухананың мұндай типтегі еліміздегі алғашқы медициналық мекеме екенін атап өтіп, ғимаратты салған құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif