Әскерлер Алматы көшелерін ерітінділермен бүркіді

1500 астам нысандарды зарарсыздандырды

фото РЭжБӘИИ

Алматыда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері көшелерді, ғимараттарды және қоғамдық орындарды жаппай зарарсыздандыру жұмыстарын жалғастыруда.  Бұл туралы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі хабарлады .


Жеке зарарсыздандыру жиынтықтарымен бүрку сынды дәстүрлі зарарсыздандыру әдісінен бөлек бұл жолы әскери қызметшілер АРС-14  автоқұйылмалы станциялары арқылы көбікпен зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Қаланың 30% көшелері арнайы жуу-зарарсыздандыру ерітінділерімен көпіршіте жуылды.


«Арнайы зарарсыздандыру ерітінділері ғимараттарды, қоғамдық орындар мен көшелерді зарарсыздандыруға арналған. Химиялық белсенділігіне қарамастан бұл ертінді адамдар мен қоршаған ортаға зиянсыз, аллергия шақырмайды. Осы күнге дейін біздің арнайы бөлімше 1500 астам нысандарды зарарсыздандырды, бұл жұмысқа 500 адам тартылды», - деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының орынбасарсы подполковник Дархан Үмбетов.
Қаладағы зарарсыздандыру жұмыстарына Алматы гарнизоны бойынша барлығы 2000-ға жуық әскери қызметшілер тартылған. Бүгінгі күнге дейін арнайы бөлімшелер қала бойынша мектептер, балабақшалар, балалар алаңқайлары, аялдамалар, емханалар және терминалдар сынды көлемі 5 млн 138 002 м2 құрайтын 465 нысанында зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді.


Іс-шараларды жүргізу үшін жеке құрам арнайы техникамен, газсыздандыру қорғаныс жиынтығымен және зарарсыздандырушы ерітінділермен қамтамасыз етілген. 
Карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында Қарулы Күштердің әскери қызметшілері көшелерде жаяу патрульдеуге және қаланы айнала қоршай қойылған блокбекеттерде қызмет атқарып жүргендерін атап өткен жөн.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif