Шығыс Қазақстанда карантин режимі енгізіледі

Облыс әкімі Ахметов қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге шақырды

Фото:Shuttertcok

18 сәуірдан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында облыстық штабтың шешімімен карантин режимі енгізіледі. Еліміздегі төтенше жағдай аяқталғанға дейін облыс аумағына кіру/шығу шектеледі. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов карантин кезінде бірқатар жұмыс берушілер өз қызметкерлерін жалақыны сақтай отырып, қашықтан жұмыс істеу режиміне жіберуі тиіс екенін атап өтті. Облыстық шұғыл штаб өз қызметін уақытша тоқтатуға міндетті кәсіпорындардың тізімін толықтырды.

 «Өскемен және Семей қалаларында шектеу шараларын енгізу кезінде біз көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерінде бизнеске қолдау білдіргенімізді атап өткім келеді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, жеке кәсіпкерлер берген рұқсатнамаларды мақсатты түрде пайдаланбады. Сонымен қатар, менде рұқсатнамалардың бір бөлігі ақылы түрде берілгені туралы сенімді ақпарат бар.

Менің өтінішім бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бұл істі тексеруге кірісті. Олар рұқсатнама беру кезінде қызмет дәрежесін асыра пайдаланған мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдайды», — деді Даниал Ахметов. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif