1 view

Семейде орман өртеніп кетті

Тілсіз жауды өшіруге  26 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды

Фото:Shutterstcok

Семейде Орман резерватының аумағында  жойқын өрт болды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі Сәкен Ділдахмет мәлімдеді.

Семей Орман мемлекеттік орман табиғи резерваты Долонский филиалының «Байдәулет» орман шаруашылығы аумағында орналасқан. Тілсіз жаудың неден шыққаны белгісіз. Өрт шамамен 100 гектар жерді жалмады.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өртті  сөндіруге 26 көлік, 4 орман өрт сөндіру кешені, жабдықталған 3 трактор, 2 патрульдік машина, 1 МИ-2 тікұшағы және 75-тен астам адам жұмылдырғанымен, өрт толықтай ауыздықталмады.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер