"Ресейден елімізге 500 науқас жеткізілді"

Жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Фото:Shutterstock

56 жастағы Ақтөбелік азаматша карантин кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер 56 жастағы Ақтөбедегі қоғамдық көлік тасымалдау компаниясының қызметкерін анықтады. Ол ватсап мессенджерінде жалған ақпарат таратқан. 
Аудио жазбада әйел Ресей Федерациясының шекарасынан Ақтөбеге қоғамдық көлік автобустарымен 500 адамды әкелді деген. Сонымен қатар, бір топ студенттер күтілуде және КВИ-мен ауыратындардың саны статистика бойынша әлдеқайда көп және ауруханалар толы деген ақпарат таратқан. 

Алайда, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша хаттама толтырылды. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 40 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан жалған ақпарат таратпауды жане тек ресми дерек көздеріне сенуді сұрайды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif