Полицияға  шабуыл жасағандарға қылмыстық іс қозғалды

Оқиғаға қатысы бар 5 күдікті азамат ұсталды

Фото:Shutterstock

Көліктік бақылау инспекторларына шабуыл жасағандарға қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму минисірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Осы жылдың 15 сәуірінде орын алған жол-көлік бақылау постының мамандарына қарақшылық шабуыл жасау фактісі  тіркелген. Көкшетау қаласының полиция Департаментімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында аталған оқиғаға қатысы бар 5 күдікті азамат ұсталды. М/н E006TB72   Камаз 53205 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Ұсталған адамдарға қатысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif