Полиция коронавируске экспресс тесттен өтіп жатыр

Ақтөбеде полиция қызметкерлері арасында КВИ жұқтырғандар жоқ

Фото:Shutterstock

Коронавирустық инфекциянының алдың алу іс-шараларына қатысқан Ақтөбелік полиция қызметкерлері  КВИ-ге экспресс тестілеуден өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ақтөбе облысында індетпен күрес шараларына белсенді қатысатын полицейлерге жедел тестілеу басталды. Тәртіп сақшылары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, полицейлер облыс жолдарындағы блокпостарда қызмет атқарады.

Полиция қызметкерлері карантинге жабылған Ақтөбедегі кіреберістерді тәулік бойы күзетеді. Сонымен қатар, басқа азаматтармен пациенттердің қандай да бір байланысын болдырмау мақсатында қаланың провизорлық, карантиндік және инфекциялық госпитальдары құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршауда ұстайды. 
Ақтөбе облысының ПД бас санитарлық дәрігері Әбдіғаппар Еңсеповтың айтуынша, КВИ-мен күрес шараларына қатысатын барлық полиция қызметкерлері экспресс тестері арқылы тексеріліп жатыр. Бүгінгі таңда, 186 полиция қызметкері тестілеуден өтті, оның нәтижесі теріс болып шақты.

Қазіргі уақытта, Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері арасында КВИ жұқтырғандар анықталған жоқ. Полиция департаментіне жергілікті атқарушы органдардан 1000 тест берілді, жақын арада қосымша тест партиясы күтіледі. Экспресс тестілер арқылы КВИ пациенттерін анықтау карантиндік іс-шаралардың соңына дейін жалғасады. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif