Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік қызметке онлайн-дүкен арқылы тапсырыс бере алады

10 күннің ішінде 3 мыңнан астам қызмет көрсетілді

фото: enbek.kz

Мүмкіндігі шектеулі жандар өзіне қажетті әлеуметтік қызметке онлайн-дүкен арқылы тапсырыс бере алады. Бұл туралы enbek.kz хабарлайды. 


Проактивті формат арқылы 10 күннің ішінде 3 мыңнан астам қызмет көрсетілді.


2020 жылғы сәуір айынан aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер көрсету порталында проавтикті қызмет көрсету іске қосылды. Автоматтандырылған жүйе жұмысының алғашқы 10 күнінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға 3136 көмек түрі көрсетілді.


Бұрын кембағал жандарға қажетті қызмет көрсету және оңалту құралдары мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылатын. Тендерлік процедуралардың ұзақтығына азаматтарға қажетті тауарды күтуге тура келетін. Ең қиыны, көмек алуға өтінім ресімдеудің өзі үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне баруға мәжбүр болатын.


Енді мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің «онлайн-дүкенінде» мүгедектер кресло-арбаларды, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралды, протездік-ортопедиялық көмекті, санаторлық-курорттық емдеуді, жеке көмекшінің (І-ші топтағы мүгедектер үшін) және ымдау тілі маманының (есту бойынша мүгедектер үшін) қызметін алуға өтінім ресімдей алады.


Аталмыш қызметті онлайн ұялы телефон нөмірлері базада тіркелген мүгедектігі бар әр азамат пайдалана алды.


Жақын арада проактивті формат бойынша әлеуметтік қызметтердің қол жетімді тізімі кеңейе түседі.

Енді: медициналық мекемеде және үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға, әлеуметтік маңызы аурулары бар балалы отбасыларға, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқыту бойынша шығындарды өтеу үшін құжаттарды ресімдей алады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif