Қызғалдақты жұлғандар жауапқа тартылды 

Бұл гүлдер Қызыл кітапқа енгізілген

Фото: Shutterstock

Төлеби ауданында қызғалдақтарды заңсыз  жұлуы фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Әлеуметтік желілерде “Төлеби ауданында қызғалдақтарды заңсыз жұлуы мүмкін азаматтарға қатысты полицейлердің заңсыз әрекеттері” туралы бейнежазба тараған. 

 Түркістан облысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген 120-дан астам сирек кездесетін өсімдік түрлері өседі, олардың 68-і тек облыс аумағында ғана кездеседі. Оның ішінде, ҚР Үкіметінің 31.10.2006 ж. № 1034 қаулысымен “Грейг” және “Кауфман” қызғалдақтары сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер ретінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген. 

ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген табиғатта өсетін “Грейг” және “Кауфман” қызғалдақтарын заңсыз жұлу ҚР-ның ҚК-нің 339-бабына сәйкес “сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану” сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif