ҚР Денсаулық сақтау министрі дәрігерлерге үндеу жасады

Ол ең қиын күндердің басталғанын айтты

Фото: kursiv.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook парақшасында барлық дәрігерлерге, медбикелерге және медициналық ұйымдарының басшыларына үндеу жасады.


Министрдің айтуынша, медицина қызметкерлері қаңтардан бастап демалыссыз жұмыс істеген. 


«Көбіңіздің қалжырап шаршағандарыңызды, эмоционалдық тұрғыда әбден қиналғандарыңызды түсінемін. Көбіңіз үйге барып, балаларыңызды құшақтай алмай отырсыздар. Үрейленіп те жүрсіздер. Араларыңызда жұқтырып алғандар да бар. Соған қарамастан адамдарды құтқару үшін таңертең тұрып, жұмысқа барасыздар. Ақша немесе абырой үшін емес, жұмысыңыз сондай болғаннан кейін адамдардың өміріне араша түсіп жүрсіздер. Мен сіздермен мақтанамын! Медицина саласының қызметкері сөзімен ғана емес ісімен де көмектесіп жүр. Қарттарға дәрі-дәрмек пен тамақ апарып, маска тігіп, керекті жүктер үшін ұшақ ақшасын төлеп, интернет арқылы концерт берген, тіпті жай үйінде карантинде отырған адамдарға алғыс айтамын», - деп жазды Елжан Біртанов facebook парақшасында.


Министр әлеуметтік желілер мен жаңалықтар легін «қоқыс» ақпараттармен, түсініксіз бағалармен, орынсыз болжамдармен және ойсыз кеңестермен толтырып тастағанын айтты.


«Қазір бүкіл ел ең күрделі кезеңге аяқ басты. Бізден шыдамдылық пен кәсіби әрекет қана талап етіледі. Бүгінгі күні біз жұмысқа ғана бар назарымызды аударуымыз керек. Кикілжің шығарып жататын уақыт емес. Эпидемияның беті қайтқаннан кейін мәселенің бәрін шешерміз. Ол үшін барымызды саламыз. Уақыт өтер – эпидемия кетер. Өздеріңізді сақтаңыздар»,- деп жазды министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif