Коммуналдық қызметтер үшін өтемақы қашан төленеді?

Шығындарды өтеу тәртібі 18 сәуірде қабылданды

Фото: МИИР РК

Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлеуге өтінім қабылдау әкімдіктер өтінім қабылдайтын арнаулы жүйені іске қосқан соң басталады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады. 

 

Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді және бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр.

 

Әкімдіктер өтінімдерді қабылдайтын арнаулы жүйені дайындағаннан кейін ол туралы жергілікті халықты хабарландырады. Аталған жұмыс мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Сондықтан өтінім беру үшін әкімдіктерден тиісті ақпаратты күту қажет. 

 

Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді, сондықтан өтінім беруге асықпау қажет.

Өйткені барлық өтініштер мамыр айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады. Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады.

Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін ұсыну қажет. 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif