Кеміргіштерді өлтіру науқаны басталды

Бұл үшін арнайы техника жұмылдырылды

Фото:kursiv.kz

24 сәуірінен бастап Алматы қаласында кеміргіштердің көзін жою дератизация туры басталады. Бұл науқан 31 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

Жаппай дератизация жоғарғы аудандардан басталады  және 47 мың гектардан астам аумақты қамтиды. Бұл саябақтар, скверлер, өзен жағалаулары, су қоймалары, арық науалары, контейнерлік алаңдар, сондай-ақ орамішілік кеңістіктер. 

Сондай-ақ 141 мыңға жуық жеке тұрғын үй құрылысы. Қазіргі уақытта, қалада қақпандар орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, дератизациялық өңдеуге мамандандырылған дәрігерлер мен арнайы техника жұмылдырылады. Аула аумақтарында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу кезінде жеке сектордың тұрғындары арнайы улы химикаттарды тегін алатын болады. Кеміргіштерді жою жөніндегі кампанияға кәсіпкерлік нысандар да қатысады.

Бұдан басқа, төтенше жағдай мен карантинді ескере отырып, алдын ала өңдеумен шамамен 3,5 мың сауда объектілері мен өнеркәсіп кәсіпорындары, 500-ден астам білім беру объектілері мен денсаулық сақтау мекемелері, оның ішінде ауруханалар, емханалар, мектептер мен балабақшалар, метро, вокзалдар мен стадиондар қамтылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, дератизация егеуқұйрықтар мен тышқандардың санын реттеуге, сондай-ақ аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған. Жыл сайын іс-шаралар 2 кезең бойынша өткізіледі. Биыл көктемгі іс-шаралар мамыр айының соңына дейін жалғасады. Жұмыстың келесі кезеңі — күзде.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif