Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің қызметкерінен коронавирус табылды

Оның жағдайы тұрақты

Фото: Офелия Жакаева

Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің қызметкері коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин хабарлады.


Оның айтуынша, қызметкер емделуде, оның жағдайы тұрақты.


«Онымен 530-дан астам адам байланыста болған. Оның ішінде 30 адам стационарлық, ал 80 адам үй карантинінде оқшауланған.Олардың көпшілігі бүгінгі күнге дейін үйлеріне шыққан. Қызметкерлер өз жұмыстарын атқаруда», - деді ол.


Өткізу пункттерінде, қала ішінде азаматтарды тексеретін, сондай-ақ медициналық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшылары коронавирус індетін жұқтыру қаупі бар тобына кіреді.


Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 759-ға жетті.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif