Қазақстан жанармайы ең арзан елдердің қатарына кірді

ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда еліміз ең жоғарғы көрсеткішке ие

Фото: Shutterstock.com

Қазақстан жанармайы қолжетімді елдердің қатарына енді. Сөйтіп, 11-ші орынға табан тіреді. 13 сәуірдегі жағдай бойынша жанармайдың орташа бағасы 0,41 долларды құрады. Дегенмен елімізде жанармайдың бір литрін 174 теңгеге сатып алуға болады. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жақсы көрсеткіш. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Бір литр жанармай Ресейде 0,62 (265,8 теңге), Түркіменстанда - 183,4 теңге, Әзірбайжанда - 201,4 теңге, Қырғызстанда - 230,2 теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасында АИ-92 маркалі жанармайдың орташа бағасы бір литр үшін 155,02 теңгені құрады. Бұл бір жыл ішінде 4% -ға және алдыңғы аймен салыстырғанда 0,5% -ға өскен. Ең қымбат жанармай - Нұр-Сұлтан (160 теңге), Көкшетау (158 теңге) және Өскеменде (158 теңге) екен.

Қазақстанда АИ-95 және АИ-96 маркалы жанармайдың орташа бағасы жылына 2,7% -ға өсіп, литріне 173,79 теңгені құрады.Осы жылдың ақпан айымен салыстырғанда бағалар 0,1% -ға өскен.

Бұл  маркілі жанармайдың бір литрі Нұр-Сұлтанда -178 теңге, Атырауда -178 және Көкшетауда 177 теңге екен. Әрине, бұл тұрғындар үшін ең қымбат саналады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif