Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы бұл ай рухани даму, жаңару кезеңі екенін атап өтті

Фото: Аскар Ахметуллин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды. 


"Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын",- деді Тоқаев.
 


Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтетініне сенемділік білдірді. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif