Қарулар заңсыз айналымнан алынды

15 атыс қару тәркіленді

Фото:Shutterstcok

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жыл басынан бері заңсыз айналымнан 15 атыс қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі бөлімдердің инспекторлары жергілікті полиция қызметімен бірлесе аталған желі бойынша құқық бұзушылық пен қылмыстарды ескерту мақсатында тұрақты түрде тексеріс жүргізеді.

Жыл басынан облыс бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша 15 факті анықталды. 

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Медвежка ауылының 29 жастағы тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтағанын анықтады. Ауыл тұрғыны тіркелмеген тегіс ұңғылы 16 калибрлі “ИЖ-К” мылтығын верандада сақтаған. Қарудың қайдан алынғаны туралы сұраққа ол мылтықты шамамен 10 жыл бұрын үйді сатып алған кезде тауып алдым деген жауап айтқан. Нәтижесінде мылтық алынып, ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы 1-бөлігі бойынша (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша хаттама толтырылды.

 Бұл бап бойынша қаруды тәркілеу және 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif