Карантинді ұзарту туралы айтуға әлі ерте

Екі аптадан кейінгі эпидемиологиялық жағдайды ешкім болжай алмайды

Фото: Асқар Ахметуллин

Қазір  карантинді үзарту туралы айтуға әлі ерте. Екі аптадан кейінгі эпидемиологиялық жағдайды ешкім болжай алмайды. Дегенмен бәріне дайын болуымыз керек деп мәлімдеді бүгін тікелей эфирде ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. 

«Еліміздің түгелге жуық өңірінде қазір коронавируспен ауырғандар тіркелді. Көп аймақта карантин шаралары күшейтілді. Осы тұста әрбіріміз үйде отыруымыз керек. Осы ережені қатаң ұстасақ, карантин де тез бітеді. Қазір карантинді ұзарту туралы айтуға әлі ерте. Ешкім  апта бұрын эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды. Бірақ біз бәріне дайын болуымыз керек, сондықтан кеше айтылған барлық шаралар – жағдай күрделеніп кетсе де, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау кепілі. Ол үшін бізге қажетті шарттардың барлығы жасалған Мемлекет басшысының тасырмасы, нақты жұмыс жоспары және Ұлттық қорда жиналған қаражат бар», – деді минстр.

Абаевтың айтуынша, үкімет Президент тапсырмасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын дайындап жатыр. Дайын болғанда әр мемлекеттік орган өзіне жүктелген тапсырмалар турал толық мәлімет береді. 

«Яғни мемлекетттің көмегін қалай, қай жерде және қандай тәртіппен  алу керек екені нақты  түсіндіріледі. Қазір бұл механизмдер пысықталуда. Сондықтан үлгермей қаламыз деп уайымдаудың қажеті жоқ. Көмекке мұқтаж барлық адамға жәрдем беріледі. Мемлекет ешкімді қамқорлықсыз қалдырмайды», – деп сендірді.  


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif