Қадір түні 19 мамырға белгіленді

Имамдар ораза тұтқан жамағат өз үйінде ауыз ашқаны дұрыс дейді

Фото:Shutterstcok

Рамазан айында ораза тұтқан жамағат өз үйінде ауыз ашқаны дұрыс – Е. Шоқай.Бұл жөнінде Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай мәлімдеді.

«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барша мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән, Оның елшісі Мұхаммед пайғамбарымызға сансыз салауат пен игіліктер болсын! Айлардың сұлтаны, шарапаты мол қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Өздеріңізге мәлім, жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Карантин жағдайындағы Рамазанға қатысты пікірі мен пәтуасын айтқан болатын. Сол пәтуа бойынша Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылмандар асыға күтетін Рамазан айы биыл елімізде 24 сәуір күні басталады деген шешім қабылданды», – деді Бас имам.

Ескерте кетейік, карантинге байланысты елімізде уақытша жиын-тойлар өткізуге, ас беруге, адамдардың шоғырлануына, тіпті, мешіттерде жамағат болып құлшылық етуге уақытша тыйым салынды. Әрине, бұл азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мен жұқпалы індетті ауыздықтау үшін жасалған шешім. 

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы  жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтынын және мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда, т.б. мекемелерде жиналып ауызашар беруге уақытша болмайтынын жеткізді. Сондықтан қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан бауырларымыз өз үйінде ауыз ашқаны дұрыс», – деді Е. Шоқай. 
Биыл 19 мамырдан 20 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні
 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif