Елімізге Қытайдан келген дәрігерлер өңірлерге баратын болды

 Олар Қазақстандағы медицина саласы  айтарлықтай жоғары деңгейде екенін атап өтті

Мухтар Холдорбеков

Қазақстанға ҚХР-дан келген медицина саласының сарапшылары өңірлерге барады, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Нұр-Сұлтанға Қазақстандық әріптестерімен кеңесу үшін келген 10 адамнан тұратын Қытай дәрігерлері екі күннен кейін Қарағандыға барады. Олар тәжірибелерімен бөліседі. Бейнеконференцияларға қатысып, біздің дәрігерлердің сұрақтарына жауап береді.

15 сәуірде Шыңжаң дәрігерлері Қарағандыға, содан кейін Алматыға келеді. Қытайдың танымал  медицина мамандары біздің елдегі коронавирус инфекциясымен күрес алгоритмімен және емдеу әдістерімен танысты.

Олар еліміздегі медицина  саласы айтарлықтай жоғары деңгейде екенін атап өтті.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif