Б.Сағынтаев ҚХР мамандарымен онлайн режимде кездесу өткізді

Қытай дәрігерлері қаланың індетпен күресу деңгейіне жоғары баға берді

Фото: Kursiv.kz

ҚХР мамандары Алматы  қаласының COVID-19 қарсы күреске дайындығына  жоғары баға берді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналында хабарлады.

Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев ҚХР дәрігерлерінің делегациясымен онлайн режимде коронавирусқа қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. 

ҚХР дәрігерлері қаланың медициналық мекемелеріндегі жағдаймен, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу және алдын алу әдістерімен танысты. Сондай-ақ ,медицина қызметкерлеріне арналған бірқатар оқыту тренингтерін өткізді. Қытай делегациясының құрамында пульмонология, жұқпалы аурулар, қарқынды терапия, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар бар. 


Алматы әкімі Б. Сағынтаевпен әңгіме барысында қытай мамандары қаланың COVID-19 қарсы күреске дайындығының жоғары деңгейін, жаппай тестілеудің маңыздылығын, сондай-ақ азаматтардың коронавирус бойынша барлық әлеуетті байланыстары үшін карантиндік шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қала тұрғындарының өзін-өзі оқшаулауы жақсы ұйымдастырылған амал екенін айта келіп, бұл инфекция ошағының ұлғайып, індеттің таралуына тосқауыл болудың бірден-бір жолы екенін атап өтті.

Кездесуде науқастарды жаппай тестілеу, профилактикалық, емдеу және оңалту әдістерінің тиімділігі талқыланды. Медицина қызметкерлерін дайындау мен тұрақты оқытуға ерекше көңіл бөлінді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев КВИ-мен күресте көмек көрсетуге келген ҚХР мамандарына алғысын білдірді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif