Б. Сағынтаев дәрігерлерді тәртіпке бағынуға шақырды

Жиналыс бейнебайланыс режимінде өтті

Фото: Shutterstock

Бақытжан Сағынтаев қалалық ауруханалардың бас дәрігерлерімен COVID-19-ға қарсы күрес мәселелерін талқылады, деп хабарлады Алматы Әкімдігінің телеграм каналы.
 
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 70-тен астам қалалық аурухана, емхана, медициналық орталықтар мен жедел жәрдем қызметінің басшыларымен бейнебайланыс режимінде жиналыс өткізді.

«Барлық күш коронавирустық инфекциямен күресуге жұмылдырылған. Бірінші басымдық – халықты қорғау. Ол үшін қаладағы барлық сала жұмылдырылған. Ең алдымен біздің дәрігерлер, емханалар мен ұйымдар тарапынан қажетті талаптар орындалуда. Басты мәселе – бүкіл қала бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу», — деген Бақытжан Сағынтаев бас дәрігерлерді ашық диалогқа шақырып, өзекті мәселелерді талқылауды және оларды жедел шешу үшін қажетті шараларды бірлесіп атқару қажеттігін айтты. 

Атқарылған жұмыстар жайлы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Т.Әбілдаев және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы А.Молдағасымова баяндады. Өз кезегінде медициналық қоғамдастық өкілдерінің атынан №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Э. Қалиев сөйледі. 

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, Алматы қаласында коронавируспен күреске жұмылдырылған денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің үстемақысы 99% төленді. Қалған екі карантиндік ұйым мамандарының үстемақысын төлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерлері өздерінің талап-тілектеріне сәйкес қонақ үйлерге, хостелдер мен жатақханаларға, сондай-ақ туысқандарының үйлеріне орналастырылды.

Мегаполис әкімі кездесуді қорытындылай келе, COVID-19 індетімен күрес жолында жүрген барлық мамандарға тәртіп пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керектігін баса атап өтті.

«Бауыржан Момышұлының сөзі бар "Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды". Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара, жұмыла жұмыс істеу қажет. Әсіресе, дәл бүгінгідей сын шақта әрбір жұмыс орнында қатаң тәртіп керек», — деді Бақытжан Сағынтаев. Сондай-ақ, әкімдік, құқық қорғау қызметі, әскери қызметшілер де қаланың эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif