Ауырған дәрігерлер туралы шу шығарудың қажеті жоқ

Біртанов тағы тікелей эфирге шықты

Фото: Аскар Ахметуллин

Дәрігерлердің қалай індет жұқтырғаны туралы прокуратура тексеру жүргізеді. Бұл туралы тікелей эфирге шыққан Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде 589 дәрігер коронавируске шалдыққан. Оның басты себебі, олар науқастармен тікелей байланыста болғандығында. 

Екінші себебі, санитарлық нормалардың бұзылуында. 

 «Аурухананың ішінде болған жағдайға міндетті түрде тексеріс жүргізіледі. Оған прокуратура араласады. Тап қазіргі жағдайда эпидемиямен күресуге мүмкіндік беріңіздер»- деп сөзін аяқтады Біртанов.

Осыған байланысты бүгін бірнеше тағайындаулар болды. Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Қамалжан Надыров Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының  басшысы болып тағайындалды. Ал Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне Людмила Бюрабекова келді.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif