Алматылық әскери қызметшілер #Bizbirgemiz акциясына қосылды

Алдымен мұқтаж отбасылардың тізімі жасалды

фото РЭжБӘИИ

Елбасы жариялаған республикалық #Bizbirgemiz акциясы аясында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына азық-түлік қораптарын таратты.


Аталған әскери институттың бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков қайырымдылық акцияның маңыздылығын атап өтті. 


-  Әскери қызметшілер «Біз біргеміз!» акциясы аясында әлеуметтік жағынан осал отбасыларына азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. Әскери қызметшілер халықпен бірге және әрқашан қолдау көрсетеді, - деді ол.
Алдымен мұқтаж отбасылардың тізімі жасалды, тізімге 15 ҰОС ардагерлері және 5 аз қамтылған отбасы енді. Әскери қызметшілер әр отбасыға мекен-жайы бойынша азық-түлік қораптарып жеткізіп берді.  
-  Әскери қызметшілерге шексіз алғысымды жеткіземін. Бүгінгі қиын кезде дәл осы көмекке мұқтаж едік. Бізді ұмытпай, елеп-ескеріп жүргендеріңе мың алғыс, - деді Алматы қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Асқарбаев Жаркошы ақсақал.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif