Алматыдағы науқастардың жағдайы мәлім болды

Қалада 119 жағдай тіркелген

Фото: Shutterstock

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында 99 науқас бар, оның ішінде төртеуі - бала. Осы уақытқа дейін үш жаңа жағдай анықталды, олардың барлығы науқастармен байланыста болғандар. Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.


Олар: 1975 жылы туылған ер адам  мен 1962 және 1964 жылы туылған әйел кісілер.

Ер адамның жай-күйі орташа ауыр деп бағалануда, тексеру кезінде пневмония анықталған. Әйелдердің жай-күйі қанағаттанарлық. 

Олармен байланыста болған барлық адамдар карантинге оқшауланды. 

Мегаполисте емделіп шыққандардың саны 21-ге жетті.

80 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық, 2 ересек адамның жай-күйі өте ауыр, 4 пациент – ауыр, 13 ересек адамның жай-күйі орта ауырлық деңгейінде. 

Карантиндік оқшаулауда 385 азамат бар, оның ішінде 39-ы бала, үй карантинінде  5144 адам отыр.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif