Алматыда лифт түймесіне түкірген азамат анықталды

Ол әкімшілік жауапқа тартылды

Фото:Sutterstock

Алматыда тұрғын үйлердің бірінде лифт түймесіне түкірген жігіт көп ұзамай қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Бұл туралы Алатау ауданының полициясы хабарлады.

  “Жігіттің теріс әрекеті “Алатау сити” тұрғын үй кешенінің жедел сатыда орнатылған камера объективіне түсіп қалды. Оның жеке басы бірден анықталды. Полицияға жеткізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді”, – дейді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

 Қатесін кейін түсінген азамат өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұрады.

 “Ашулы күйде жедел саты түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын”, – деді А.есімді тұрғын.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif